Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылғы 17-18 қараша аралығында Тараз қаласында мәдениет және өнер саласы бойынша ТжКББ ұйымдары педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің және М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушылары қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің оқытушылары, атап айтқанда Матайбаев Естай Ерболатұлы мен Галсанов Александр Валерьевич 2-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің оқытушысы Каримова Кульжанат Чаймуратовна 3-ші орынға ие болды! Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!