Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 8 қазанда өңір колледждері директорларының жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.А. Ақылбек төрағалық етті.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылының басталуына байланысты негізгі мәселелер талқыланды, атап айтқанда:
Студенттерді қабылдаудың мониторингі;
WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына ШҚО құрамасының дайындық барысы;
Техникалық және кәсіптік білім беруді (ТжКБ) дамыту жоспарлары.
ТжКБ ұйымдарының тиімділігін бағалау аясында оқу-өндірістік және тәрбиелік жұмыстың он негізгі бағыты бойынша колледждердің рейтингі ұсынылды. Директорлар рейтинг нәтижелерімен танысып, 2026 жылға арналған бағалау көрсеткіштерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.
WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатына қатысушылар мен сарапшыларды дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Чемпионатқа табысты қатысу үшін колледж базаларын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Алима Ақылбекқызы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жоспарланған іс-шараларға тоқталып, өңір колледждері үшін негізгі мақсаттар мен міндеттерді айқындады.
Кеңес барысында қатысушылар ТжКБ жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.