Мобильді оқу орталығының жұмысы
Білім басқармасы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, облыстың шалғай аудандарының ересек тұрғындарына білім алуға мүмкіндік беру шеңберінде қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыруда. Курстар жылжымалы мобильді оқу орталығының базасында аспаз, есепші, электромонтер және газбен электр дәнекерлеуші мамандықтары бойынша жүргізілуде. Осы мақсатта 2023 жылы 15 мамырдан бастап Өскемен көпсалалы технология колледжінің оқытушылары Күршім ауданы Қалжыр ауылының жұмыссыз тұрғындары үшін курстық оқытуды бастады. Жалпы 2023 жылдың 15 мамыр - 15 маусым аралығында 12 адамды теориялық және практикалық кезеңдер бойынша курстық оқытудан өткізу жоспарлануда. Мобильді оқу орталығының жабдықтары мен техникалық жағынан қамтамасыз етілуі шалғайдағы ауыл тұрғындарына бір мезгілде бірнеше сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқып, ауылдағы шаруашылықтарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.