Облыстың 8 ауданында «Стенд-моб» мобильді тобы өз жұмысын қарқынды атқарып өтті
Аймақтағы 8-11 сынып оқушылары мен жұмыспен қамтылмаған жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының 8 ауданында «Стенд-моб» мобильді тобы өз жұмысын қарқынды атқарып өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы ерекше форматта жүргізіліп 91 мектептің 1891 оқушысы, 130 аса жұмыспен қамтылмаған жастар және 234 ата-ана қамтылған. Мобильді топ жұмысының келесі бағыты Глубокое, Шемонаиха аудандарында өткізу көздеп отыр.