Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жұмыстар
ШҚО білім басқармасы жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты, 2020-2021 оқу жылына арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту бойынша ШҚО әкімінің қаулы жобасы талқылануда. Аталған жобаны https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4084240 сілтемесі бойынша талқылауға болады.