Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 27 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің қатысуымен «Казцинк»  ЖШС кәсіпорнында өңірдің колледж студенттерінің компания өкілдерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында өтті.

Іс-шараға «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры А.П. Лазарев, кәсіпорынның жас мамандары мен колледж студенттері қатысты.

Ербол Жолдаспекұлы өз сөзінде ел экономикасын дамыту мен нығайтудағы жұмысшы мамандықтарының рөлін атап өтті. Жастардың кәсіби қалыптасуын қолдауда атқарылып жатқан ауқымды шаралары үшін Казцинк басшылығына алғысын білдіріп, білікті маман даярлауда білім беру мекемелері мен кәсіпорындар арасындағы серіктестіктің маңыздылығы туралы айтты.

Кездесуде жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. «Казцинк» ЖШС өкілдері мен жас мамандар - колледж түлектері өз тәжірибелерімен бөлісіп, компания тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, тәжірибелік оқытуларды ұйымдастыру, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерін арттыруға ықпал ететін дуальды оқытуды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Айта кетсек, бүгінгі таңда 300-ден астам колледж студенттері кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өтуде, оның ішінде 84-і дуалды оқыту бойынша білім алушылар. Сонымен қатар, 185 студент нысаналы мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда.

Кездесу аясында колледж студенттері үшін «Казцинк» ЖШС корпоративтік университетінің мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.