Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту
Өңірде 101 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын 38 колледж жұмыс істейді. Студенттердің жалпы саны 19 966 адамды құрайды, оның 16 747-сі мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алады (83,8%).
2025 жылы оқу бітірушілер 5038 адам, алдын ала жұмысқа орналасу - 4368 адамды құрады (86,7%) (2024 ж.-86,6%).
2025-2026 оқу жылына 7130 мемлекеттік тапсырыс орнын бөлу жоспарлануда, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 500 орынға артық (2024 ж. - 6 630 орын).
Колледждер кадрларды даярлауды 976 әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді, оның аясында жыл сайын 4000-нан астам студент еңбекақысы 130 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін жететін өндірістік практикадан өтеді.
Бүгінгі таңда облыстың 20 колледжі базасында өңірдің 155 кәсіпорнының мақсатты тапсырысы бойынша 2575 студент оқиды (2022 жылы – 706 адам, 2023 жылы – 929 адам, 2024 жылы – 940 адам).
448 кәсіпорынмен 27 колледжде жүзеге асырылатын студенттерді дуальды оқытумен қамту 5 047 студентке дейін өсті (2023-2024 ж. – 3 908 адам).
Колледждерге шефтік көмек көрсететін кәсіпорындардың - бизнес өкілдерінің саны артты. Егер 2023-2024 оқу жылында 30 кәсіпорын болса, 2024-2025 жылдары олардың саны – 203-ке көбейді.
Облыста мектеп пен колледжде оқушыларды бір мезгілде оқыту бойынша Республикалық эксперименттік жоба сәтті іске асырылуда. 2024-2025 оқу жылында облыстың 4 колледжінде 149 оқушы осы жоба бойынша білім алды. 2024 жылдың желтоқсан айында эксперименттік жобаның бірінші түлектері оқу бітіріп, 48 оқушы «Дәнекерлеу ісі», «Тігін ісі және модельдеу», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша диплом алды.