Өңірлік жоғары оқу орындарында «Білікті маман» жобасының іске асырылуы
Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылдан бастап өңірдегі мектеп, колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту мақсатында «Білікті маман» жобасы іске асырылуда.
Аталған жоба шеңберінде өңірдің еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеті жыл ішінде 2576 білім беру гранттары бөлінсе, оның ішінде ағымдағы оқу жылына 270 грант.
Бүгінгі таңда осы жоба аясында Д. Серікбаев атындығы ШҚТУ базасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 341 студент білім алуда.
Студенттер «Казцинк» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Силумин-Восток» ЖШС сияқты өңірдің 283 кәсіпорны мен ұйымдарының базасында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтеді.
Үш жыл ішінде (2021, 2022, 2023 жж.) осы жоба аясында 245 студент бітірді, оның ішінде жұмысқа орналасқандар – 214 адам (87,4%), жұмыспен қамтылғандар – 31 адам (12,6%) (магистратура, армия және декрет).
Диасова Томирис 2022 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Білікті маман» жобасы аясында оқуға түсті. Бүгінгі таңда ол «Сәулет» мамандығы бойынша 2 курста оқиды. Университетті бітіргеннен кейін Томирис мамандығы бойынша «Проект Студия» ЖШС жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
«Білім туралы» Заңның 17-тармағының 47-бабына сәйкес осы жоба шеңберінде оқуды бітіргеннен кейін түскен студент облыста үшжақты шартта белгіленген белгілі бір мерзімде, яғни кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.