ШҚО колледждерінде дуальды оқыту іске асырылуда
Дуальды оқыту - еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау нысаны, ол теорияны тәжірибемен ұштастыруды көздейді және ел экономикасын дамытудың жетекші тетіктерінің бірі болып табылады.
Дуальды оқыту жүйесінде оқытудың теориялық бөлігі колледжде, тәжірибелік бөлігі жұмыс орнында өтеді, бұл теория мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жояды, білім алуға және жұмыста дағдыларды игеруге жоғары мотивация тудырады.
Қазіргі уақытта ШҚО білім басқармасы өңірдің Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 46 мамандық бойынша 3908 студентті қамтитын 28 колледжде «Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «СМУ-Шығыс» ЖШС, «Риддер орман шаруашылығы» КММ және т. б. жетекші кәсіпорындармен серіктестікте дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыруда.
Дуальды жүйе оған қатысатын барлық тараптардың - кәсіпорындардың, оқу орындары мен студенттердің мүдделеріне жауап береді. Мысалы, Өскемен жоғары политехникалық колледжімен және Өскемен құрылыс колледжімен белсенді ынтымақтасатын «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «VK DEVELOPMENT Group» ЖШС үшін сұранысқа ие мамандықтарды игеруге ниет білдірушілерді іздеу және аз шығынмен кадрларды даярлау мүмкіндігі.
Студенттер үшін дуальды оқыту – бұл қаржылық тәуелсіздікке ерте қол жеткізудің және ересек өмірге оңай бейімделудің тамаша мүмкіндігі. Оқу кезінде олар кәсіпорындардағы еңбектері үшін 150-200 мың теңге жалақы алады, ал колледжді бітіргеннен кейін жақсы дайындықпен жұмысқа орналасады.
Студенттерді нақты өндіріс жағдайында тиянақты практикалық оқыту нарықты сұранысқа ие білікті мамандармен қамтамасыз етеді.