Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылдың 28 сәуірінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ТжКББ оқу орындарының студенттері арасында Шығыстың ұлы ойшылы, Орта Азияның педагогикалық ойының бастамашысы және шабытшысы Әбу Насыр Әл - Фарабидің 1155 жылдығына арналған педагогикадан I Аймақтық олимпиада өткізілді.

Бұл олимпиада - ұлы ғалымның рухани мұрасын сақтауға қосқан үлесі, білімнің, мәдениеттің, оқу мен тәрбиенің құндылығы туралы тағы да ойлануға мүмкіндік береді.

Педагогика пәндері бойынша өткен I Аймақтық олимпиада қатысушылардың кәсіби – тұлғалық әлеуетін, олардың шығармашылық қабілеттерін ашатын, өзін-өзі дамытуға арналған бірнеше кезеңнен тұрды.

Білім алушылардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру үшін қатысушылар өздерінің теориялық білімдерін педагогикалық диктант және «Insight» интерактивті ойынында сынап көрсе, педагогикалық жағдайларды шешуде және «Микрозерттеу» байқауында практикалық дағдыларды жүзеге асырды.

Олимпиада жұмысының қазылар алқасы құрамында Шығыс Қазақстан облысының ЖОО-ның ғалымдары, ШҚО білім басқармасының өкілдері және Өскемен қаласы мектептерінің педагогтары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған келесі командалар анықталды:

І орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, жетекшілері Даутова Мадина Токтаровна және Омарова Назым Жумабековна;

ІІ орын - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, жетекшісі Алканова Зауре Сабыржановна;

ІІІ орын - «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Жоғары колледжі, жетекшісі Кажыбаева Жулдыз Шакеновна;

ІІІ орын - М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, жетекшілері Балапанова Эльмира Мамырбековна және Жунусова Ляззат Байботаевна.

Олимпиада жүлдегерлері мен жетекшілерін құттықтаймыз!

Олимпиадаға қатысушыларға одан әрі табыс, кәсіби өсу, жаңа жетістіктер мен жаңалықтар тілейміз!