«JuniorSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионаты
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы өңірдің Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінің базасында «JuniorSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионатын өткізді.
Чемпионатқа облыстың қала және аудан мектептерінен келген 100-ден астам оқушы қатысты. Жас қатысушылар IT, техникалық, технологиялық және шығармашылық бағыттарды қамтитын 16 құзыреттілік бойынша өз білімдерін, креативтіліктерін және практикалық дағдыларын көрсетті.
Шараның мақсаты – 8-11 сынып оқушыларының ерте кәсіби бағдарын қалыптастыру, практикалық дағдыларын дамыту және қазіргі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал ету.
Мұндай чемпионаттар оқушыларға өз мүмкіндіктерін байқап көруге, заманауи мамандықтар туралы көбірек білуге және тәжірибелік оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
«JuniorSkills Shygys 2025» чемпионатына қатысушылардың барлығын құттықтаймыз!
Балаларға алдағы уақытта зор табыс, жаңа білім және болашақ мамандыққа сенімді қадамдар тілейміз!

