Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

WorldSkills қозғалысы аясында ағымдағы жылдың 17 мен 19 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің Құзыреттілік орталығының базасында ауыл шаруашылығы саласы колледждерінің студенттері мен түлектері арасында «Ветеринария», «Астық және оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» бойынша үш құзыреттіліктен AgroSkills Shygys – 2023 кәсіби шеберлік аймақтық чемпионаты өтті.

Чемпионат қатысушыларының жұмысын бағалау үшін кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері тартылды.

Аймақтық чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Морозова Анна, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі;

2 орын – Марат Ерасыл, Зайсан технологиялық колледжі;

3 орын – Данияр Мадияр, Катон-Қарағай аграрлы-техникалық колледжі.

«Астық және оны өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Никишина Виктория, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі;

2 орын – Глебко Максим, Катон-Қарағай аграрлық-техникалық колледжі;

3 орын – Ержанұлы Бекнұр, Зайсан технологиялық колледжі.

«Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының слесарь-жөндеушісі» құзыреттілігі бойынша:

1 орын – Мишенин Иван, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі;

2 орын – Марксулы Тельман, Катон-Қарағай аграрлық-техникалық колледжі;

3 орын – Ахметқалиев Эльдар, Зайсан технологиялық колледжі;

3 орын – Савушкин Вячеслав, Алтай өңірінің ауылшаруашылық колледжі.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!