Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында Өскемен қаласының Құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінің базасында 30 негізгі құзыреттер және құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету және көлік бағыттары бойынша WorldSkills Shygys аймақтық чемпионатын өткізуде. Кәсіби шеберлік чемпионаты өңірімізде 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2016 жылы 6 құзыреттілік бойынша 7 қатысушымен өткізілсе, бүгінгі күні  30 құзыреттіліктен  120-дан астам студент, колледж түлектері және жұмысшы жастар қатысуда. Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек ашып, чемпионат қатысушыларына сәттілік тіледі. Чемпионатқа қатысушылардың жұмысын бағалау үшін сарапшы ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандары, өндірістік оқу шеберлері тартылды. Чемпионат жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен беделін арттыруға бағытталған. Аймақтық чемпионат жеңімпаздары биыл маусым айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2023» ұлттық чемпионатында облыс құрама командасының намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Байқауға қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз! Ең мықты жеңіске жетсін!