Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі
Жыл сайын озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені тарату және педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысу үшін өңірлік деңгейде іріктеу жүргізіледі («Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 355 бұйрығы негізінде). Өңірлік кезеңге қатысушылардың конкурстық құжаттарын бағалау нәтижелері бойынша орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептелді. ІІ кезеңнің өңірлік комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Серебрянск технологиялық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Семенов Владимир Викторович «Үздік педагог» республикалық конкурсының ІІІ кезеңіне қатысуға жіберілді.