«Абай мұрасы – руханият қазынасы» атты облыстық шығармашылық байқауы
Абай Құнанбайұлының әдеби мұраларын дәріптеу, колледж білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 2025 жылғы 13 қарашада Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Абай мұрасы – руханият қазынасы» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға облыстың 8 колледжінен 5 бағыт бойынша 28 студент қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.

