Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 27 шілдесінде өткен Республикалық “Birge – TazaQazaqstan” акциясы аясында өткен экологиялық сенбілікке «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ қызметкерлері де қатысты. Экологиялық акцияның қатысушылары Үлбі өзенінің жағалауын тазалап, қоқыстарды жинап, өңіріміздің экологиясын қорғауға өз үлестерін қосты. Әрине, экологиялық мәдениет әрбір тұрғынның бойында қалыптасу қажет. Аталған іс-шараның мақсаты - қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысу, сол арқылы жасөспірімдерге үлгі көрсету болып табылады.