Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылғы 22 желтоқсанда энергетика күнін мерекелеу аясында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында энергетикалық бейіндегі оқу орындар мен кәсіпорындарға арналған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі» атты республикалық онлайн конференция өткізілді.

Мақсаты – кәсіпорындардағы энергия тиімділігі мәселелеріне қызығушылықты арттыру, энергия тұтынуды сауатты басқарудың экономикалық әсерін және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды талдау, кәсіпорындарда энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру әдістерін енгізу тәжірибесімен алмасу.

Конференция жұмысына Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Жетісу және Түркістан, Ұлытау облыстарының 32 колледжінен 89 педагог пен студент және 5 кәсіпорын өкілдері қатысты («Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ).