Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 21 қазанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен Семей қаласының Радиотехника және байланыс колледжі «Qolda» бағдарламасы шеңберінде «Экопатруль» жобасын іске асыру бойынша «Менің көміртек ізім» республикалық конференциясын өткізді.

Мақсаты: экологиялық ойлауды жандандыру, оқыту бағдарламалары арқылы экомәдениетті қалыптастыру, студенттерді экологиялық проблемалар бойынша  «Экопатруль» жобасын іске асыруға тарту.

Конференция барысында Радиотехника және байланыс колледжі  еріктілері бейнеролигінің таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, колледж  студенттерінің «Көміртек ізін азайтыңыз», «Көміртек ізін есептеу калькуляторы» жобалары бойынша баяндамалары климаттың өзгеруімен байланысты проблемаларды түсінуге жәрдемдесу, ресурстарды үнемдеу мәселелеріне назар аудару, т.б. мәселелерді қозғады.

Конференция нәтижесі бойынша үздік баяндамашыларға дипломдар табысталды.