Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері арасында білім алушылардың теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды білім алушыларды анықтау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы  республикалық олимпиада өткізіледі. Олимпиада 2 айналымда өтеді: 1 айналым – жазбаша (эссе); 2 айналым – ауызша (Қ.О.Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектері сараланады). Республикалық олимпиадаға 13 облыстан Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысады.Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, олардың жетекшілері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының грамота, алғыс хаттарымен марапатталады.