Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 24 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы колледждері студенттерінің арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) өз жұмысын бастады. Олимпиадаға еліміздің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан 13 қатысушы бәсекеге түсуде. Олимпиада аясында қонақтар мен олимпиадаға қатысушылардың жетекшілері үшін шеберлік сыныптары, диалог алаңдары, экскурсиялар жүргізілуде. Олимпиада ертең, яғни ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жалғаспақ.