«ТжКБ жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» республикалық педагогикалық оқулары
2022 жылғы 08 ақпанда «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы және «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі «ТжКБ жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» республикалық педагогикалық оқуларын өткізді. Мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін дамытуға қойылатын қазіргі заманғы талаптар негізінде ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде білім алушыларға рухани-адамгершілік білім берудің ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау. Педагогикалық оқулар барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры И.С. Исин, Үржар колледжінің директоры К.М. Чарахметов, Өскемен құрылыс колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ю.В. Зубкова, Геологиялық барлау колледжінің оқытушысы Г.Н. Жайсембаева, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушылары Н.Ж. Омарова, Н.М. Полякова, Аягөз қаласы политехникалық колледжінің оқытушысы Ж.К. Кенжебаева, Өскемен құрылыс колледжінің әдіскері А.В. Изова, Құрылыс колледжінің оқытушысы Б. Дина, Бизнес және сервис колледжінің оқытушысы М.Т. Кундукова баяндама жасады. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.