Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Talap» КЕАҚ ағымдағы жылдың 4-12 желтоқсан аралығында Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan 2022 Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізеді. Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзырет бойынша 500-ден астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысады. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері бағалайды.Чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысының командасы 27 құзырет бойынша қатысады. Чемпионаттың ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында «Астана» концерт залында өтеді.

Қатысушыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!