Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

WorldSkills республикалық чемпионатының басталуына бір күн қалды! Бүгін, 2023 жылы 21 қарашада, қатысушылармен және сарапшылармен өткен кездесу барысында конкурстық тапсырмалар, өткізу жоспары, бағалау критерийлері және байқаудың үш күніндегі жұмыс жоспары талқыланды, сондай-ақ жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау  нұсқамалары өткізілді. Қатысушыларды жұмыс орындарымен таныстыру және жеребе тарту рәсімі өтті.

Байқауға қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз!