«Көптілді білім беру - ТжКБ жүйесін дамытудың маңызды стратегиясы» атты республикалық қашықтықтан өткізілген вебинар
2021 жылдың 8 қаңтарында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру жүйесі: өткеннің тәжірибесі – болашаққа бағдар» педагогикалық оқулары аясында «Көптілді білім беру – ТжКБ жүйесін дамытудың маңызды стратегиясы» аймақтық қашықтық вебинары өтті. ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының қолдауымен вебинарда Семей қаласы Геологиялық барлау колледжінің ағылшын тілі мұғалімі, көптілді оқытуды енгізудің эксперименттік алаңының авторы Омарбаева Айгүл Төлеутайқызы «Білім беруді жаңғырту жағдайында көптілді оқытудың өзектілігі» тақырыбында презентациясын ұсынды. Вебинар жұмысына 100-ден астам педагог, колледж әдіскерлері, сондай-ақ, республиканың түкпір-түкпірінен әдістемелік кабинеттердің өкілдері, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі және т. б. қатысты. Вебинардың мақсаты - педагогтердің тәжірибесіне оқу-әдістемелік жұмыстың ең үздік инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін анықтау, жинау және енгізу. Айта кететін жәйт, көптілділік колледж түлектеріне коммуникативтік-бейімделген, кез келген ортада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді, демек еңбек нарығында жаңа формация кадрларын даярлау үшін көптілді білім беру қажет.