Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылғы 09 маусымда Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің әдістемелік қызметі мен бизнестің өзара әрекеттесуі - серіктестер диалогы» республикалық форумы өтті.

Ұйымдастырушылар – «Talap» КеАҚ және Алматы облысының білім басқармасы.

Форум жұмысына 100-ден астам қазақстандық педагогтер, әдіскерлер, директорлардың оқу - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, бизнес өкілдерінің директорлары және Алматы облысының білім басқармасы, сондай-ақ ШҚО кәсіптік білім беру орталығының өкілдері, өңір колледждерінің әдіскерлері қатысты.

Форумға қатысушылар секция жұмысына, «Люди X-travel to business» квест ойынына және форумның пленарлық бөліміне белсенді қатысты.

Форум қорытындысы бойынша әдістемелік қызметтің жұмысын одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар қабылданды.