Республикалық «Мен – кәсіпкермін» Гранд турнирі
2025 жылғы 20 қарашада Республикалық «Мен – кәсіпкермін» Гранд турнирінің іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша жобалардың онлайн-қорғауы өткізілді.
Ашық онлайн-қорғауға Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің студенттері өз жобаларын келесі бағыттар бойынша таныстырды:
«Сауда» бағыты бойынша «GoldenLion» жобасымен «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КеАҚ Жоғары IT колледжінің студенттері Сағамбеков Алтынбек, Аманжолова Руслана;
«Өндіріс, технология, ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша «Автоматтандырылған жылыжай» жобасымен Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Деменко Артём;
«Дизайн (түрлері), креативті индустрия» бағыты бойынша «Night Art үй типографиясы» жобасымен Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Воробьева Анастасия;
«Білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар» бағыты бойынша «Эра» бизнес-кәсіпкерлік мектебі» жобасымен Өскемен экономика және техника колледжінің студенті Климова Каролина;
«Медицина, денсаулық, сұлулық индустриясы» бағыты бойынша «MediLacta» жобасымен Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Колдаев Расул, Надерова Аружан;
«Туризм» бағыты бойынша «Golden East Travel» жобасымен Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Төлеуханова Малика, Рысбек Мирас;
«Экология» бағыты бойынша «Жасыл сапар» жобасымен «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КеАҚ Жоғары колледжінің студенті Маратова Толғанай.
Республикалық «Мен – кәсіпкермін» Гранд турнирінің қорытындысы 10 желтоқсанға дейін шығарылады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

