«Үздік педагог» республикалық конкурсы
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы, ғылым магистрі, педагог- зерттеуші Акимбаева Жанар Норлановна «Үздік педагог-2024» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Ж. Норлановна «Абайтану» курсы бойынша 5-8 сыныптарға арналған аймақтық оқу бағдарламасын әзірлеген топтың мүшесі. «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды ұлттық біліктілік тестілеуге арналған «Қазақ әдебиеті, әдебиетті оқыту әдістемесі» пәндері бойынша қазақ тілінде тест тапсырмаларына сарапшы. Сонымен қатар дәуірдің дара ұстазы Қ.Бітібаеваның республикалық олимпиадасы аясында, «Қ.Бітібаева технологиясының өміршеңдігі», «Қ.Бітібаеваның оқыту технологиясы» тақырыбындағы шеберлік сабақтарын жоғары деңгейде өткізген шығармашыл ұстаз.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» дегендей, ұстаздардың еңбегін ұлы ететін, шәкірттерінің республикалық, облыстық байқаулар мен олимпиадалардағы жетістіктері – ұстаздың кәсібилігі мен құзыреттілігінің нағыз дәлелі.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық өрлеу, барлық мақсаттарға жету үшін зор күш-қуат тілейміз!