Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 25 қыркүйекте «Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы», Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана және «Қаскелең мәдениет колледжі» МКҚК ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республика көлемінде «Еңбек адамы – көркем әдебиетте» тақырыбында байқау ұйымдастырылды.

Мақсаты – көркем әдебиет арқылы адал еңбек адамдарын насихаттау, жұмысшы мамандығының әлеуетін арттыру. Байқауға қатысушылар ұсынылған көркем әдебиеттерді толық оқып, 3 минуттық буктрейлер түсіріп, Жұмысшы мамандығын насихаттаудың 5 ұстанымын таныстыру.

Облысымыздан Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы – Ахметов Арсен Рауанұлы жүлделі ІІІ орын, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы – Абдильдинова Гульдана Сиязбековна «Парасатты оқырман» номинациясын иеленді.

Педагогтерді байқаудағы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!