«Бизнес Аруы-2025» республикалық кәсіпкерлік байқауы
2025 жылдың 19–21 мамыры аралығында Алматы қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Мен – кәсіпкер» Гранд турнирі шеңберінде «Бизнес Аруы – 2025» республикалық кәсіпкерлік байқауы өтті.
Мақсаты - кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға ұмтылатын колледждердің талантты студент қыздарын анықтау және қолдау, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік қызметке қызығушылығын арттыру.
Шығыс Қазақстан облысынан Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «The Pearls of East» («Шығыс маржандары») командасы «The taste of Zaysan» - ұлттық дәм мен табиғатты біріктірген гастромекен» жобасымен қатысқан Скатаева Айзере, Абенова Балауса және Жақыпбек Перизат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушыларды құттықтаймыз!