Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021 жылғы 12 қазанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік республикалық конкурсының 1 кезеңі басталды.

Конкурстың мақсаты-ТжКОБ жүйесінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қолдау және көтермелеу, педагогикалық шеберліктерін арттыру.

Аталған Конкурсқа қатысу үшін Жоғары түсті металлургия колледжі (Павлодар қ.), Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.),Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі, Ш. Есенов атындағы колледжі (Ақтау қ.), Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Семей қаласының Көлік колледжі, Электротехника колледжі және Шығыс Қазақстан технология колледжінен өтінімдер келіп түсті.

Байқаудың 1-модуль тапсырмасына сәйкес, қатысушылар  графикалық редакторда сызба құрды. Ертең, яғни, а. ж. 13 қазан күні байқаудың 1-кезеңінің 2-модулі бойынша тестілеу өтеді.

Байқау 2021 жылғы 15 қазанға дейін жалғасады.