Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ЖЫЛДЫҢ ТАМАША АЯҚТАЛУЫ!

Ағымдағы жылғы 13-27 желтоқсан аралығында Маңғыстау қаласында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің базасында қызмет көрсету саласы бойынша ТжКОБ ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті, оған Қазақстан Республикасы ТжКОБ ұйымдарының 71 арнайы пән оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері, оның ішінде 11 қатысушы біздің өңір колледждерінің өкілдері.

Олар: Бизнес және сервис колледжі, Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі, Қ.Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі, «Квансон» Қазақстан-Корей колледжі, Риддер көпсалалы колледжі. Байқау қорытындысы бойынша ШҚО колледждері келесі жүлделі орындарға ие болды:

1-орын «Мейрамхана ісі» құзыреттілігі - Бизнес және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Рсалиева Айгуль Айтмухаметовна;

2-орын «Кондитер ісі» құзыреттілігі - Бизнес және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Ходько Светлана Васильевна; 

2-орын «Наубайшы ісі» құзыреттілігі - Бизнес және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері Ақанова Перизат Рымғазықызы; 

3-орын «Сән технологиясы» құзыреттілігі –Бизнес және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сексенбаева Зухра Газизовна;

3 – орын «Аспаз ісі» құзыреттілігі - Риддер көпсалалы колледжінің өндірістік оқыту шебері Ткаченко Наталья Николаевна;

3 – орын «Наубайшы ісі» құзыреттілігі - «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Решетникова Олеся Александровна;

3 – орын «Наубайхшы ісі» құзыреттілігі - «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің өндірістік оқыту шебері Жұбанышева Дана Қанатқызы.

Сонымен қатар келесі номинациялар бекітілді:

«Үздік тігінші» номинациясының иегері - Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің өндірістік оқыту шебері Ибраева Гаухар Сайкенқызы;

«Өз ісіне ант берген жан»  номинациясының иегері - Қ. Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Елена Александровна;

«Тапқыр кондитер» номинациясының иегері - «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің өндірістік оқыту шебері Хлюпина Светлана Владимировна. 

БАРЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ, ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МЕН НОМИНАНТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жаңа 2022 жылында жарқын жеңістер, шығармашылық табыстар тілейміз!