Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылдың 15 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы «Talap» КеАҚ қолдауымен Семей қаласының Геологиялық барлау колледжі жанындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес  «Электрондық әдістемелік өнімді әзірлеуді ұйымдастыру» халықаралық қатысумен онлайн семинар-практикумын өткізді.Іс-шараны аша отырып, республикалық семинарға қатысушыларға «Talap» КеАҚ вице-президенті С. М. Татибеков, ШҚО ББ кәсіптік білім беру орталығы директорының әдістемелік және ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары З. Ш. Утепова, Геологиялық барлау колледжінің директоры А. А. Әділжанов құттықтау сөз сөйледі. Семинар барысында іс-шара бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ТжКБ ұйымдарының оқытушылары баяндама жасады. Баяндамашылардың сөз сөйлеу барысында электрондық білім беру ресурстарын әзірлеуге және оларды практикада қолдануға қатысты мәселелер талқыланды. Семинар-практикумның қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.