Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 21-23 шілде аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған Республикалық слёт өткізілді.

Іс-шараның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Беделбайұлы Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев қатысты.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттері қатысты.

Осы іс-шара барысында студенттердің арнайы жобаларынан көрме ұйымдастырылып, олар өздерінің инновациялық идеяларымен таныстырды.

Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттері де өз жобаларын ұсынды, бұл жастардың кәсіптік білім мен шығармашылықты үйлестіруін көрсететін жақсы мүмкіндік болды.