Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Республикалық «INNOVATION» хакатоны өз мәресіне жетті. 29–30 мамыр күндері өткен шараға еліміздің барлық өңірінен 27 команда қатысты. Колледж студенттері мен жас ІТ мамандар екі күн бойы цифрлық шешімдер әзірлеп, бірегей жобалар ұсынды. Хакатон Павлодар облысы әкімдігі, ҚР Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрліктері, «Talap» КЕАҚ және «Astana Hub» қолдауымен ұйымдастырылды.

Жобалар инновация, функционалдық және UX/UI сынды 10 критерий бойынша бағаланды.
 «Үздік команда жетекшісі» номинациясын Өскемен жоғары политехникалық колледжінің Edgerunners командасы жеңіп алды. Қатысушылар мен жеңімпаздар сертификаттармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Құттықтаймыз!