«Ұлттық болмыс- табысты ел болудың кепілі» қашықтан өткен облыстық ғылыми – тәжірибелік конференцияның қорытындысы
2020 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Семей көп салалы колледжі» мекемесімен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлттық болмыс - табысты ел болудың кепілі» тақырыбында қашықтан облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция мақсаты - қазіргі заманда қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін, ұлттық әлеуетін арттыруда Абай рухани мұрасының зерттелуі мен елінің тарихын дәріптеуші, мәдениет пен идеологиямызды дамытушы, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық кәсіби тұлға қалыптастыру. Конференцияға 50-ден астам баяндама ұсынылды. Конференция сарапшылары: Шәкәрім атындағы университетінің қазақ тілі мен әдебиеті оқу кафедрасының ф.ғ.к., профессоры А.О.Тоқсамбаева, ҚазГИЗУ филология кафедрасының аға оқытушысы Г.О.Мурсалим, тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі А.Б.Байгапанова, қоғамдық ғылымдар негіздері пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н.А.Сағымбеков ұсынылған баяндамалардан үздік жұмыстарды атап өтті. Конференцияның барлық қатысушылары «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ мен «Семей көп салалы колледжі» мекемесінің 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.