Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құрметті әріптестер!

ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұжымы баршаңызды елдігіміздің, бірлігіміздің, мызғымас мемлекеттігіміздің басты символы – Тәуелсіздік  күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру, бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.

Мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!