ШҚО колледждері директорларының секциялық отырысы: қорытындылар мен перспективалары
22 тамызда Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің базасында «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында ШҚО колледждері директорларының секциялық отырысы өтті. Отырыс жұмысына білім басқармасының өкілдері, колледж директорлары, әлеуметтік серіктестер, шақырылған қонақтар қатысты.
ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Алима Ақылбекқызы 2024-2025 оқу жылының қорытындыларымен таныстырып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер туралы айтып берді. Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестерге өңір экономикасы үшін кадрлар даярлаудағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.
Отырыста спикерлер:
- сұранысқа ие кадрларды даярлаудағы әлеуметтік серіктестік рөлі туралы,
- жаңа мамандықтарды ашудағы басымдықтар, перспективалар мен кадрлық қамтамасыз ету туралы,
студенттерді тиімді оқыту үшін цифрландыру және жасанды интеллект туралы және т. б. тақырыптарда баяндамалар оқыды.
Секциялық отырыс соңында жаңа оқу жылына ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, қатысушылар үшін колледжде «Зоотехния» және «Авиациялық бағыт» жаңа мамандықтары бойынша оқу кабинеттеріне, сондай-ақ Құзіреттілік орталығына, оқу-өндірістік база мен зертханаға экскурсия ұйымдастырылды.
Әріптестерімізді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, сәттілік, жаңа белестер тілейміз!








