Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО білім басқармасы ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Семей қаласындағы Электротехникалық колледжінің базасында WorldSkills Kazakhstan – 2019 ұлттық чемпионатының қатысушыларын сапалы дайындау мақсатында WS әлемдік сарапшы Смаилов Данияр Нургалиевичтің және WS ұлттық тренері Керимов Самир Периевичтің қатысуымен сарапшы-компатриоттар (41 адам) және колледж психологтеріне (16 адам) арналған оқыту семинар-тренингін өткізді. 

Семинарда талқыланған мәселелер:
- WSI халықаралық жарысын өткізу уақытында алаңдағы «compatriot» негізгі міндеттері;
- WSI халықаралық старттарына «compatriot» негізгі аспектілері.
Сондай-ақ, оң психологиялық климатты қолдау және қатысушылардың күйзеліске төзімділігін арттыру мақсатында Бизнес және сервис колледжінің психологі Балтачева Галия Асемхановна колледж психологтеріне тәжірибелік психологиялық тренинг өткізді. Семинар барысында Электротехникалық колледжі WSI стандарттары бойынша жарысқа қатысушылардың дайындық алаңдарына экскурсия жүргізді. WorldSkills Kazakhstan-2019 ұлттық чемпионатқа облысымыздың атынан қатысатын болашақ кәсіпқой мамандарымызға сәттілік тілейміз.
​P.S Ағымдағы жылдың қараша айының 12-17 күндері Нұрсұлтан қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысы 41 құзыреттілік бойынша қатысады.