Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, ағымдағы жылдың 26 қарашасында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Геологиялық барлау колледжімен бірлесіп, «ТжКБ мамандықтарының тартымдылығын арттыру бойынша тәжірибені тарату» семинарын өткізді (халықаралық қатысумен). Мақсаты - кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда ТжКБ жүйесінің оқу орындарына әдістемелік қолдау көрсету. Семинарға Қазақстан колледждері директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты қызметкерлер, сондай-ақ, Ресей Федерациясы колледждері мен техникумдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Семинар барысында қатысушылар кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша тәжірибелерімен алмасып, жастарды техникалық мамандықтарға оқытуға тартудың маңыздылығын, экономиканың түрлі салаларында осы бағытта кадрлардың қажеттілігін атап өтті. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.