Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының колледж өкілдері «Серпін» жобасы аясында Қызылорда облысында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында Сырдария ауданынан 200, Жалағаш ауданынан 400, Жаңақорған ауданынан 500-ден астам оқушы қамтылды.

Кәсіби бағдар берушілер оқушыларға қызықты презентациялар өткізіп, білім беру бағдарламалары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға қажетті пайдалы ақпарат алды.

Бұл кәсіби бағдар беру жұмыстары Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жалғасын табады.