Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 24 желтоқсанда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі базасында ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасында КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында «Smart-ұстаз» облыстық инновациялық байқауы өткізілді.
Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістерді тиімді пайдалану арқылы педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және озық тәжірибелерін тарату.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1-кезең. «Smart-технология-заманауи білім кілті» визиткасы;
2-кезең. «Цифрлық lifehack» шеберлік сабағы.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
 І орын - Тоқтағанов Әлижан Нұрбекұлы;
ІІ орын - Әбдіқапар Марқа, Тұрсынбекова Жанерке Бағдатқызы;
ІІІ орын - Ермекова Арайлым Қадылбекқызы, Аршын Жайдар, Матайбаева Зәуре Тайрановна.