Ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап жаңа форматтағы кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғасын табуда
Ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап жаңа форматтағы кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғасын табуда. Аталған шараны бүгінгі күнге дейін 34 колледж өткізіп, 9-11 сынып түлектері мен жұмыспен қамтылмаған жастар қатарынан 9000-нан астам адам қамтылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысына қатысушылар оқытудың ерекшеліктерімен және оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша бейнероликті оқу орындардың инстаграмм парақшаларынан көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Кәсіпті дұрыс таңдау арқылы, еліміздің өркендеуіне өз үлесіңізді қосу мүмкіндігіне ие болу тек Сіздің қолыңызда!