«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-жоспарлау және әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру»
Бүгін, 2022 жылдың 27 қыркүйегінде Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында директорлардың оқу ісі, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен колледж әдіскерлері үшін «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-жоспарлау және әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру» өңіраралық семинары өтті. Семинардың мақсаты - ТжКОБ ұйымдарының қызметінде оқу-жоспарлау және әдістемелік құжаттаманы қалыптастыру мен пайдалануда тәжірибе алмасу. Семинар барысында Алматы экономикалық колледжі директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары В. Ю. Лысенко мен арнайы пәндер оқытушысы А. К. Сейтбекованың (Академиялық дербестік жағдайында ТжКОБ білім беру бағдарламаларын әзірлеу); Маңғыстау өнер колледжі директорының орынбасары К. К. Джантекееваның, Маңғыстау политехникалық колледжінің ОӘБ жөніндегі директорының орынбасары Г. Б. Тугерованың (Техникалық сала бойынша жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу); Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Е. Даирбекованың (Оқу сабақтарының кестесі мен тарифтеу жүктемесін қалыптастыруға арналған aSc Timetables.exe платформасын және Microsoft office бағдарламалар пакетін қолдану), Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Е.С. Екимованың (Колледжішілік бақылау және болашақ маманды даярлау сапасын қамтамасыз етудің негізі), Семей қаласы Құрылыс колледжінің әдіскері Л.О. Ташкенбаеваның (Колледждегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу), Өскемен құрылыс колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ю.В. Зубкова мен әдіскер М.Н. Орлованың (Балдық-рейтингтік, әріптік бағалау жүйесін қолдана отырып сабақ жоспарларын құру) баяндамалары ұсынылды. Өңіраралық семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Аталған іс-шарамен 135 адам қамтылды.