ШҚО колледждерінің директорлар кеңесі: 2020 жылғы қызмет қорытындысы шығарылып, алдағы 2021 жылға міндеттер айқындалды
2020 жылғы 29 желтоқсанда аудан/қала білім бөлімдері басшыларының қатысуымен ШҚО колледждері директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың бірінші бөлімінде өңірдің ТжКБ жүйесінің ағымдағы жай-күйіне, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыруға бағытталған облыс колледждерінің жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына шолу жүргізілді. Отырыстың өтпелі тақырыбы «мектеп-колледж» сабақтастығы мен білім алушылардың кәсіби бағдарлануы мәселелеріндегі нәтижелі өзара тиімді ынтымақтастыққа арналды. Колледждердің мектептермен байланысы нығайғаны, озық тәжірибе белсенді таралғаны атап өтілді. Өңірдің кәсіптік білім беру саласы елеулі өзгерістер сатысында тұрған кезеңде жаңа ақпараттық технологиялар, жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық тәсілдер кеңінен енгізілуде. Колледждердің директорлар кеңесінің төрайымы А.Б. Хожанова ТжКБ жүйесінің қызмет қорытындылары, қабылданған шаралар және даму перспективалары туралы айтып берді. Отырыстың екінші бөлімі ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының 2020 жылғы қызметінің қорытындысын шығаруға арналды. Колледждердің нәтижелілігі облыстық іс-шараларға қатысудың белсенділігі мен өнімділігі сияқты бірқатар критерийлер бойынша анықталды, 23 облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысына қатысуы, кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасы және дуальды оқыту технологиясын енгізу және т. б. жеке қарастырылды. 2020 жылдың қызмет нәтижелері бойынша колледждер-жеңімпаздар ШҚО білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.