Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының колледждері мен «Казцинк» ЖШС Альянсы құрылды!

Бүгін, 21 тамыз 2025 жылы, өңір колледждері мен «Казцинк» ЖШС арасында Альянс құру туралы Меморандумға қол қойылды. Шараға "Казцинк" ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директор Андрей Павлович Лазарев пен өңірдің 16 колледжінің директорлары қатысты.

Жаңа серіктестік аясында:

-білім беру бағдарламалары бірлесіп әзірленеді;

-студенттер өндірістік тәжірибеден өтеді;

-дуальды оқыту күшейтіледі;

-колледж оқытушыларының біліктілігі артады.

-Жыл сайын 500-ге жуық студент «Казцинк» базасында тәжірибеден өтеді.
- Соңғы 3 жылда – 1450 студент кәсіби машықтанды.
- 209 түлек «Казцинк» стипендианттары атанды.

Бұл стратегиялық әріптестік түлектердің еңбек нарығындағы сұранысын арттыруға және аймақтың кадрлық әлеуетін нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.