Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Өскемен көпсалалы технология колледжімен бірлесіп, 2023 жылдың 10 қазанында дене шынықтыру оқытушыларының облыстық оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес, Өскемен көпсалалы технология колледжінің 45 жылдық мерейтойына орай ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттері арасында «Колледж мерейтойына – спорттық рекордттарымыз» атты облыстық спорттық эстафета-мерекесін өткізді. Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортпен шұғылдануға баулу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Глубокое аграрлық колледжі, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі, Өскемен көпсалалы технология колледжі студенттерінен құралған командалар қатысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі командасы жеңіп алды. Екінші орынды Өскемен көпсалалы технология колледжі командасы иеленсе, үшінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжі және Глубокое аграрлық колледжі командалары  бөлісті.

Құттықтаймыз!