Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы мектептердің 8-11 сынып оқушыларына білім беру, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, медицина т.б. бағыттар бойынша ақпарат беру мақсатында ағымдағы жылдың 7 қарашасында Глубокое және Шемонаиха аудандарында стенд-моб «СтартПрофи - Shygys» мобильді тобының жұмысын ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 29 колледждің өкілдері және өңірдегі 2 жоғары оқу орны қатысуда. Стенд - моб қорытындысы бойынша жастар бүгінгі таңда өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие болады.