Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтарды насихаттау және 8-11 сынып оқушылары мен жұмыссыз жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында облыс аудандары мен қалаларында, аймақтағы колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдерінен құрылған мобильді топ «СтартПрофи – Shygys» стенд-моб 5 бағыт бойынша өз жұмысын аяқтады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы 5000-нан астам мектеп оқушылары мен NEET санатындағы жастарды қамтып, жылжымалы көрме, диалогтық алаң  және TEDX форматында қалалық және аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп өткізілді.

Стенд-моб қорытындысы бойынша жастар бүгінгі таңда өңірде сұранысқа ие мамандықтар және оқу орындары туралы толық ақпарат алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие болды.