Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттері Республикалық «Еңбек кубогы» спартакиадасының жеңімпаздары!
Түркістан қаласында 2025 жылғы 15-18 сәуір күндері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Еңбек кубогы» спартакиадасына Шығыс Қазақстан облысының командасы қатысты.
«Тоғызқұмалақ» спорт түрі бойынша «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы;
«Шахмат» және «Үстел теннисі» спорт түрлері бойынша «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жоғары IT колледжінің командасы;
«Волейбол» спорт түрі бойынша (қыздар арасында) «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС жоғары колледжінің командасы;
«Волейбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы;
«Баскетбол» (ұлдар арасында) спорт түрлері бойынша «Көлік және тіршілік кауіпсіздігі колледжі» МЕМ колледжінің командасы қатысты.
Нәтижесінде ұлдар арасында «Волейбол» спорт түрі бойынша жүлдері І орынды «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК колледжінің командасы,
Тоғыз құмалақ» спорт түрі бойынша ІІ орынды «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК командасы иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, келешек жеңістер тілейміз!