Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 22 шілдесінде ШҚО білім басқармасы «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ директоры лауазымына бұрын «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК директоры қызметін атқарған Әлима Ақылбек кандидатурасын бекітті.

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының құрылымымен және ұжымымен танысу мақсатында ұйымдастыру кеңесі өткізілді, оның барысында Орталық бөлімдері жұмысының негізгі бағыттары, сондай-ақ ШҚО кәсіптік білім беру орталығының ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлау жөнінде сөз қозғалды.

А. Ақылбектің кәсібилігі, беделі мен еңбекқорлығы өңіріміздің техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың белгіленген бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.

Жауапты қызметте жемісті жұмыс, белгіленген жоспарларды табысты іске асыруда жаңа жетістіктер тілейміз!